"Ғалам аруы-2023" атағына Никарагуа өкілі ие болды

935

Байқауға Қазақстан атынан 20 жастағы Томирис Заир қатысты.  

"Ғалам аруы-2023" атағына Никарагуа өкілі ие болды Фото: Getty Images

23 жастағы Шейнис Паласиос есімді никарагуалық ару "Ғалам аруы-2023" сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Орталық Америка университетінің түлегі, бұқаралық коммуникация мамандығы бойынша білім алған, волейболмен айналысады.

Таиланд намысын қорғаған 27 жастағы Аннтония Порсильдке вице-мисс тәжі бұйырды.

Биыл "Ғалам аруы-2023" байқауы Никарагуада өтті. Оған 84 елдің өкілдері қатысты. Байқауға Қазақстан атынан 20 жастағы "Алматы аруы-2022" және "Қазақстан аруы-2022" титулдарының иегері Томирис Заир қатысты, бірақ ол топ-20-ға кіре алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу