Алматыда Еуразия Медиа Форумы аясында "Ғаламшар-2019" сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді.
Жастар аудиториясына арналған Парагвайдағы тартымды оқиғалар құрып бара жатқан орманның бір бөлігін сақтап қалуға әсер еткен. Осылайша "Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары" сыйлығының "Ғаламшар" саласы бойынша 2019 жылғы жеңімпазы атанды.
Парагвайдағы "Эль-Суртидор" цифрлық жаңалықтар агенттігінің командасы Гран-Чакос орманының әр минутта бір гектар аумақтан қалай айрылып жатқанын баяндады. Команда "sckrollytelling" үлгісіндегі мобильдік контенттен бастап, өзінің видеосюжеттерінде түрлі әдіс-амалды пайдаланады. Содан соң бейімделген элементтер бірнеше арнамен – плакаттар Твиттерде, аватарлар Фейсбукте, видоероликтер қалалық көліктерде таратылды.
Жастар аудиториясының кең қамтылуы ел президентін орман алқабының азаюына тосқауыл қоюға ықпал етті.
Ал Үндістандағы "Дайнек Ягран" газеті күміс жүлдені иеленді. Басылым жас үнділерді тұншыққан қалаларды құтқаруға шақырды. Ал Данияда орналасқан "Жас репортерлер қоршаған орта үшін" халықаралық бағдарламасы азаматтық мультиплатформалық эко-журналистикаға әлемнің 38 еліндегі 340 000 жасты тарта білді. Оның бұл еңбегі айрықша атап өтілді.
Айта кету керек, The Planet Award Дүниежүзілік "Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары" сыйлығының бір бөлігі Сыйлық жастарды тартуға және жас аудиторияға көмектесу мақсатымен инновацияны тиімді түрде енгізетін әлемдегі БАҚ-тың еңбегін атап өті үшін тағайындалған. Сыйлыққа "News-Decoder" платформасы, еуропалық журналистика орталығы және Google Жаңалықтар бастамасы сияқты халықаралық ұйымдар қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, Global Youth and News Media Prize-2019 екі негізгі "Журналистика" және "Медиа сауаттылық" номинацияларын қамтиды. Жеңімпаздар биылғы қараша айында Парижде өтетін NewsXchange конференциясында мараптталады. Бұл нминациялар бойынша байқау 2019 жылғы 1 маусымда басталып, 25 маусымда аяқталады.