Ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанған этникалық қазақ өмірден озды

892

Тәнзилә Насиханқызы жарты жылдан кейін 125 жасқа толушы еді.

Ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанған этникалық қазақ өмірден озды

Ең ұзақ өмір сүрген, этникалық қазақ Тәнзилә Бисембееваны туған ауылы Астрахан облысы Краснояр ауданы Алча кентінде жерледі. 2016 жылдан бастап ол ресми түрде ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанды. Бұл туралы Ресейдің Рекордтар кітабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.

Тәнзилә Насиханқызы жарты жылдан кейін 125 жасқа толушы еді.

"Ол еш қиналмай өмірден озды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға кенттің барлық тұрғындары келді", – деп хабарлады Краснояр аудандық "РГ" басшысы Нұрғали Байтеміров.

Екі ғасыр бұрын дүниеге келген Тәнзилә Бисембеева бірқатар тарихи оқиғалардың куәгері болған: револицияны, Екінші дүниежүзілік соғысты, СССР-дың құлағанын көрді. Ол отбасындағы сегіз баланың тұңғышы еді. Тәнзилә Бисембееваның үш ұлы, он немересі, 25 шөбересі және екі шөпшегі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу