Ғаламтор арқылы кәсібін жүргізетін азаматтар салықтан босатылды

1059

Ғаламтор арқылы кәсібін жүргізетін азаматтар салықтан босатылды

Жаңадан қабылданған салық кодексі бойынша, ғаламтор арқылы кәсібін жүргізетін азаматтар салық төлемейді. Желідегі жеке кәсіпкерлер 5 жылға дейін тапқан табысынан қазынаға түсім аударудан босатылмақ, деп хабарлайды almaty.tv.

"Бұрын кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тапқан табысының 2-3 пайызын салыққа төлейтін. Оны бақылау өте қиынға соғатын. Қазір 5 жылға салықтан босатылды. Бірақ қойылатын талаптар бар. Тауарды сатқанда ақша қолма-қол емес, аударым арқылы жүзеге асуы керек. Сонымен қатар, сатып алушылар мен кәсіпкер арасындағы келісім электронды түрде жүзеге асырылуы қажет", - дейді Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Заңғар Шындали.

Оның айтуынша, ақша айналымы аударма арақылы жүзеге асатын болса, қанша ақша айналымы болғанын көруге болады. Кәсіпкердің кәсібі 3 жылда жабылып қалған жағдайда да салықтан босатылмақ. Бірақ, базада ол туралы мәлімет сақталып қалады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу