Галина Вишневская ізге түсуде 20-орынға жайғасты

799

Галина Вишневская ізге түсуде 20-орынға жайғасты

Қазақстандық биотлоншы Галина  Вишневская 10 шақырымға ізге түсу жарысында 20-орынға тұрақтады. Бұл сында неміс қызы Лаура Дальмайер топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz. 
Жарыс жолына 30-шы болып шыққан отандасымыз төрт ату аймағында небәрі бір рет қате жіберді. Отандасымыздың уақыты 33:05.9. 
Бұл сында бірінші орында неміс қызы Лаура Дальмайер алды. Ол жарыс жолында бір рет қана қателесіп, 30:35.3 уақытымен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орынға словакиялық Анастасия Кузмина жайғасты. Ол нысана көздеуде төрт рет қателесіп, Дальмайерден қалып қойды. 
Үздік үштікті италиялық ару Анайс Бесконд түйіндеді. Ол бір рет қателесіп, неміс қызынан +29.6 секундқа қалып қойды. 
Бұл сынға қатысқан тағы бір отандасымыз Дарья Климина мәре сызығын 57 болып кесті.

Айта кетейік, Лаура Дальмайер Пхенчандағы Олимпиадағы ойындарындағы екінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін ол 7,5 шақырымға спринтте топ жарған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу