Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

356

Спортшымыз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды Фото: olympic.kz

Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Ғалия Тынбаева жеңіске жетті. Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязовамен сайысқа түскен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осылайша Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық спортшы алдымен ваззари, кейін иппон ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды. Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу