Gallup зерттеу компаниясы АҚШ президенттерінің қызметіне қатысты рейтингті енді жарияламайтынын мәлімдеді. Компания бұл рейтингті 88 жыл бойы үзбей беріп келген. Бұл туралы The Hill басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз адамдардың өміріне қатысты мәселелер мен жағдайлар бойынша ұзақ мерзімді, әдіснамалық тұрғыдан негізделген зерттеулер жүргізуге ұмтыламыз", – деді компания өкілі.
Бұл бағыттағы жұмыс Gallup-тың басқа сауалнамалары аясында жалғасын таппақ.
The Hill басылымы компаниядан бұл шешімнің қабылдануы кезінде Ақ үйден қандай да сұранымдар келіп түсті ме деп нақтылады. Gallup өкілі бұл шешім компанияның зерттеу мақсаттары мен басымдықтарына негізделгенін жеткізді.
Gallup нұсқасы бойынша президенттің қызметін қолдау рейтингі ондаған жыл бойы жарияланып келді. Компанияның дерегінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі соңғы айларда төмендеген. 2025 жылғы ақпанда көрсеткіш 47 пайыз болған, желтоқсанда жүргізілген соңғы сауалнамада ол 37 пайыздан төмен деңгейге дейін түскен. The Hill атап өткендей, Ақ үй басшысының рейтингі – Gallup-тың 1930-жылдардан бері тіркеген ең төмен көрсеткішінің бірі.