Gallup институты: Соңғы 10 жылда әйелдер қатты өзгерді

617

Кейінгі кезде әйелдер қатты өзгерді. Осы бағытта америкалық "Гэллап" институы арнайы зерттеу жүргізген, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

Gallup институты: Соңғы 10 жылда әйелдер қатты өзгерді Фото: globalcentre.hse.ru

Сауалнамаға 150-ден астам мемлекеттің қыз-келіншектері жауап беріпті. Сөйтіп, олар 2012 жылдан бері ерлерге қарағанда ашушаң, күйгелек және көңілсіз жүретінін мойындаған. Әсіресе Камбоджа, Үндістан, Пәкістан мен Марокконың әйелдеріне қиындау соққан.

"Күйзеліс пандемия келгелі тіптен арта түсті", - дейді мамандар.

Бұл - бір. Екіншіден, әйелдерді нашар тұрмыс та қажытқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу