Ғалы Бақтыбаевтың өліміне күдіктілер ұсталды

1608

Ұсталғандар кісі өлімінің жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді.

Ғалы Бақтыбаевтың өліміне күдіктілер ұсталды

ІІМ мен Қарағанды облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалы Бақтыбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Еске сала кетсек, Бақтыбаевтың денесі биыл мамыр айында өз ауласынан табылған еді. Оған оқ тиіп, сол жарақаттан көз жұмғаны анықталды.

Қылмысты ашу үшін ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ криминалдық полиция және облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында жедел уәкілдер жәбірленушінің үйінен табылған құжаттарға қарай отырып, қаза болған адамның түрлі мемлекеттік органдарға бірнеше рет шағымданғанын анықтады. Өлімнің түрлі себептері тексерілді. Тиісті сараптамалар жүргізілді.

Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері төрт жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, олардың үшеуі бұрын сотталған, ал біреуі бұрынғы полиция қызметкері.

Ұсталғандар кісі өлімінің жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Айғақты зат ретінде қару тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу