Ғалым Қазақстан сотына еуропалық жүйеге қарап бой түзеуді ұсынды

921

Халықаралық адам құқықтары күніне орай Адам құқықтары жөніндегі ІI Еуразиялық форум өтті. 

Ғалым Қазақстан сотына еуропалық жүйеге қарап бой түзеуді ұсынды

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы, М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU,  Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры  ұйымдастырған  шара "Заманауи Қазақстанның сот билігі және адам құқығы: үрдістері және келешегі" деген тақырыпқа арналды. Форумға қатысқан  KAZGUU профессоры Роман Мельник әкімшілік соттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірнеше маңызды бағыттар ұсынды. 

"Әкімшілік соттың тиімді жұмыс істеуі үшін адам құқықтары доктринасына аса көңіл бөлу керек.  Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылуы тиіс: нормативтік құқықтық түсініктен бас тарту, адам мен азаматтың негізгі құқықтарының мазмұнын тереңнен зерделеу, халықаралық, еуропалық сот инстанцияларының шешімдеріне бағдарлану, олар тұжырымдаған қорытындыларды Қазақстан Республикасында "soft law" ретінде пайдалану", - деді профессор.

Форумды ұйымдастырушылар шара барысында айтылған әрбір ұсыныс сот төрелігі мен ұлттық құқықты жетілдіруге қаншалықты төқажетті екені терең зерделеніп, жаңа ғылыми еңбектерде көрініс табатынын атап өтті.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу