Ғалымбек Кенжебаев бокстан бапкерлер кеңесіне кімдер кіретінін айтты

758

Ұлттық құрама ақпан айында Үндістан мен Венгрияда өтетін халықаралық турнирлерге қатысады.

Ғалымбек Кенжебаев бокстан бапкерлер кеңесіне кімдер кіретінін айтты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев команданың бапкерлер қосынына кімдер кіретінін айтты, деп жазады Olympic.kz. 

"Команданың аға бапкері қызметіне Марат Жәкиев тағайындалды. Сондай-ақ, бапкерлер кеңесіне Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Марат Манашев, Жәміл Дүсіпов және Андрей Спиридонов енді. Бұл күндері АІВА академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз", – деді бас бапкер. 

Ғалымбек Кенжебаевтың айтуынша, жарақат алған боксшылар қатарға қосылатын күн алыс емес. Әбілхан Аманқұл Германияда жасалған отадан соң Астанада емделуде. Ал Асланбек Шымбергенов жаттығу жиындарына қатысып үлгерді. 

Еске сала кетейік, ұлттық құрама ақпан айында Үндістан мен Венгрияда өтетін халықаралық турнирлерге қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу