Ғалымдар -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін қоспа ойлап тапты

295

Бұл әсіресе құрылыс маусымы 3-4 айға ғана созылатын еліміздің солтүстік өңірлері үшін маңызды.

Ғалымдар -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін қоспа ойлап тапты Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Еліміздің жол құрылысы саласында жаңа технология сынақтан өтуде. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары (ҚазжолҒЗИ) республикалық маңызы бар автожолдарда ауа температурасы -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін арнайы технологияны сынақтан өткізуде. Арнайы қоспа күн райы суыған кезде де жол құрылысы жұмыстарын жалғастыруға септігін тигізбек.

– Жол құрылысы стандарттары бойынша, асфальт-бетон қоспасының температурасы жол салу кезінде кемінде 125-130 градус болуы керек, ал асфальт тек +5 градустан жоғары ауа температурасында ғана төселуі тиіс. Алайда ғалымдар қоспаны 90 градус температурада дайындап, оны -10 градусқа дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік беретін кешенді қоспаны ойлап тапты, – делінген министрлік хабарламасында.

Қоспаны қолдану барысында жол жамылғысының барлық физика-механикалық қасиеттері сақталады, асфальтты дайындау және тығыздау кезеңдерінде энергия шығыны едәуір азайып, қоршаған ортаға тиетін теріс әсер көрсеткіші төмендейді. Институт мамандары кешенді қоспа битум мен минералды материалдар арасындағы байланысты күшейтетініне де назар аударуда.

Арнайы қоспанының зертханалық сынақтары алдымен Алматыдағы "ҚазжолҒЗИ"-дың лабораториясында жүргізілді. Зертханалық сынақ нәтижесі жаңа қоспа қатал климаттық жағдайда жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтынын көрсетті.

Технология республикалық маңызы бар Күрті-Бұрылбайтал жолында сынақтан өтуде. Егер сынақ сәтті өтсе, бұл технология жол құрылысы маусымын ұзартып, энергия ресурстарына кететін шығынды қысқартып, асфальт-бетонды қыздыруға байланысты көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу