Ғалымдар Ақмола облысында егілген бидай сұрыптарының өнімділігін бағалады

2132

Ғалымдар А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның селекциясы болып табылатын жаздық бидай сұрпын алқаптарына еккен Ақмола облысының бірқатар шаруашылығына барып қайтты.

Ғалымдар Ақмола облысында егілген бидай сұрыптарының өнімділігін бағалады

АШҒӨО ғалымдары Ақмола облысының шаруашылықтарында егілген Орталық селекциялаған бидай сұрыптарының өнімділігін бағалады.

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары, атап айтқанда  ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы бөлімінің меңгерушісі А.Т.Бабкенов және ауыспалы егістер тобының жетекшісі А.А.Қияс А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның селекциясы болып табылатын жаздық бидай сұрпын алқаптарына еккен Ақмола облысының бірқатар шаруашылығына барып қайтты.

"Достық-06" ЖШС-да менеджер О.Сараев пен А.Т.Бабкенов "Шортандылық 2012" жаздық жұмсақ бидай сұрпын егу актісін толтырып, қол қойды. Бұл сұрып аталмыш шаруашылықта гектарынан 13 центнер өнім беріп, дәнмаңызы 25%-ды құрады. А.Т.Бабкенов және А.А:Қияс "Достық-06" ЖШС-дағы шыққан астықтың шығынын бағалады. Жиын-терім жұмыстары жүргізілген кезеңде екпіні 20 м/секундқа дейін жеткен қатты дауыл кезінде  астықтың төгілгені байқалды. Осы фактордың себебінен ықтимал шығындар 10-20%-ды құрауы мүмкін.

"Фермер 2002" ЖШС (директоры В.А.Пельцер) "Шортандылық 95 жақсартылған" жаздық жұмсақ бидай сұрпын сепкен болатын. Осы шаруашылықта бұл сұрып пардағы алқапта гектарынан 17,0 центнер өнім беріп, дәнмаңызы 26%-ды құрады, құлау саны 200 секундтан артық, яғни тауар жіктемесіне сәйкес астық 3 кластың талабына сәйкес келеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, "Шортандылық 95 жақсартылған" сұрпы Ақмола облысының аумағында 2019 724 500 га алқапқа себілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу