Ғалымдар АҚШ-та 8,7 млн адамның Covid-19 жұқтырғанын мәлімдеді

505

Олар наурыз айында осыншама тұрғын дертке шалдықты деп отыр.

Ғалымдар АҚШ-та 8,7 млн адамның Covid-19 жұқтырғанын мәлімдеді

Америкалық ғалымдардың пікірінше, наурызда Құрама Штаттардың 8,7 тұрғыны коронавирус жұқтырған, бірақ олардың 80%-ы вирусты анықтайтын тест тапсырмаған. Пенсильвания, Монтана штаттарының университеттері мен Корнель университетінің зерттеушілері тескерістен өтпеген ЖРВИ белгілері бар науқастардың санын тексере келе, наурызда олардың саны күрт өсті деген қорытынды жасады.

"Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, вирус АҚШ аумағында тез таралды деген тұжырым жасауға болады. Жұқтырғандардың 80%-ы ауруды анықтайтын тест тапсырмаған", – деп жазылған зерттеу нәтижесі жарияланған құжатта.

Пенсильвания штаты университетінің сайтында наурызда ресми түрде коронавирус жұқтырған 100 мың науқас тіркелгені жарияланған.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, АҚШ-та науқастардың саны 2,3 миллионнан асып, оның 120 мыңы қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат

Фото: forbes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу