Ғалымдар альцгеймер ауруына қарсы табиғи қорғаныс тапты

120

Бұл туралы Report агенттігі хабарлады.  

Ғалымдар альцгеймер ауруына қарсы табиғи қорғаныс тапты Фото: shutterstock.com

Сент-Луистегі Вашингтон университеті мен Калифорния университетінің халықаралық ғалымдар тобы миды альцгеймер, паркинсон және басқа нейродегенеративті аурулардың жойқын әсерінен қорғауға көмектесетін жаңа рибонуклеин қышқылы (РНҚ) молекуласын тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Report агенттігінің хабарлауынша, зерттеу Molecular Psychiatry журналында жарияланды.

– Біз Альцгеймер ауруы, фронтотемпоральды деменция және басқа патологиялары бар науқастардың миында деңгейі күрт төмендейтін fam151b-DT ұзақ кодталмаған рибонуклеин қышқылы туралы айтып отырмыз. Ғалымдар бұл РНҚ "ақуыз тепе-теңдігін" реттеуге қатысатынын анықтады. Яғни, жасушаларға ақаулы тау ақуыздары мен α-синуклеинді жоюға көмектеседі, олардың жинақталуы нейрондардың өліміне әкеледі, – делінген ақпаратта.

Зерттеушілер FAM151B-DT-ны жасанды түрде ажыратқанда жасушалар өзін-өзі тазарту қабілетін жоғалтты: аутофагия бұзылып, улы ақуыз шоғырлары тезірек жинала бастады. Керісінше, бұл РНҚ белсенділігін арттыру жасушалық өзін-өзі тазарту механизмдерін белсендіріп, зақымдалған ақуыздардың мөлшерін азайтты.

Ғалымдар FAM151B-DT емделмейтін нейродегенеративті ауруларды болашақта емдеу үшін перспективалы мақсат болуы мүмкін деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу