Ғалымдар Аустралия билігін халықтың 80%-ын вакциналауға үндеді

631

Бұған дейін Сиднейде "дельта" штамының өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған еді. 

Ғалымдар Аустралия билігін халықтың 80%-ын вакциналауға үндеді

Ғалымдар Австралия билігін азаматтардың 80%-ын мүмкіндігінше тезірек вакцинациялауға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ABC арнасына сілтеме жасап.

Мельбурн университетіндегі талдау орталығы зерттеушілердің айтуынша, егер бұл жоспар іске асса, Аустралия індетті еңсере алады. Олар вакцинацияланғандардың коронавирусты жұқтыруы мүмкін екенін, бірақ ауыр жағдайлардың сирек болатынын мәлім етті. 

Зерттеушілер осы орайда ынталандыру шараларын қолдануды ұсынды. Олар федералды үкімет тұрғындарды екпе салдыруға көндіру үшін 80 миллион доллар ойнатуы керек деген пікірде. 

Бұған дейін Сиднейде "дельта" штамының өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған еді. Жергілікті биліктің айтуынша, тіпті бір айлық оқшаулау вирустың таралуын тежей алмаған. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу