Ғалымдар бір жыл шірімейтін алма сортын ойлап тапты

966

Оны 12 ай бойы +10 °C температурада сақтауға болады. 

Ғалымдар бір жыл шірімейтін алма сортын ойлап тапты

Вашингтон Университетінің зерттеушілері жыл бойы бұзылмайтын алма сортын шығарды. Бірақ жемісті белгілі бір жағдайда сақтау керек. Қазір мұндай алмалар америкалық дүкендерде сатылымға шығарыла бастады. 

Оған ғалымдар Cosmic Crunch деген атау берген. Алманы Enterprise және Honeycrisp сорттарын будандастыру арқылы алған. 

Зерттеушілер бұл сортты шығарумен 1997 жылдан бері айналысып келген. Олардың айтуынша, Cosmic Crunch алмасын +10 °C температурада 12 айға дейін, тоңазытқышта 6 айдай, ал бөлме температурасында бірнеше аптадай сақтауға болады. Алма өте тығыз және оның қышқылдығы мен құрамындағы қант мөлшері өте жоғары екен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу