Ғалымдар интернеттегі діни ақпаратты сүзгіден өткізуге шақырды

1043

Ғалымдар интернеттегі діни ақпаратты сүзгіден өткізуге шақырды

БАҚ беттеріне арналған 7 сингапурлік шейх жазған хатта күдікті діни білімдерді алу ислам дінін туралы теріс түсінікке алып келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

13 маусым күні жарияланған хатта ислам ғалымдары мұсылмандарды шынайы әрі жария түрде дінді дұрыс жеткізуге және өзге конфессия өкілдерімен қарым-қатынасты нығайтуға шақырды.

"Сингапурдың көпұлтты қоғамының бір бөлігі ретінде біз мынаны есте ұстауымыз керек – біздің іс-әрекеттеріміз қоғамдағы адамдар өміріне әсер етеді" делінген мәлімдемеде. Бұл мәлімдеменің жариялануына таяуда балабақшалардың бір тәрбиелеушісінің террористік ұйым қатарына қосылу күдігі бойынша тұтқындалуы себеп болған. Ғалымдар 22 жасар қыздың санасын интернеттегі теріс діни мәліметтер бұзғанын, ол осының салдарынан теріс жолға түспек болғанын тілге тиек етті. Дін ғұламалары сөз соңында барша ел мұсылмандарына діни білімді республикадағы 2818 сертификаты бар ислам ғалымдары мен ұстаздарынан алу қажеттігін атап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу