/img/tv1.svg
RU KZ
Ғалымдар қартаюды баяулататын өнімдерді атады

Ғалымдар қартаюды баяулататын өнімдерді атады

04 Қараша 2018 14:46 747

Ғалымдар қартаюды баяулататын өнімдерді атады

Эрланген-Нюрнберг университетінің (Германия) ғалымдары шоколад, шай, кофе және шараптың құрамында болатын гидрохинондар мырышпен бірге қартаюды баяулатып, қышқылдандыру процесін тежейтінін анықтады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Мамандар мырыштың гидрохинон топтарын белсенді етіп, дененің биомолекулаларын зақымдайтын супероксидтен табиғи қорғаныс түзетінін анықтады. 

Супероксидті тек гидрохинон ғана бұза алады. Мырыш пен гидрохинон біріккенде түзілетін заттар адам ағзасын қышқылданудан болатын деградация процесінен қорғап, антиоксидантты әсер көрсетеді. Осылайша, супероксид қышқылдану стресінің алдын алуға көмектеседі. 

Қартаюды баяулататын гидрохинон шоколад, шай, кофе және шараптың құрамында кездеседі. 

Бұған дейін диетологтар Жерорта теңізі диетасы мен балық пен теңіз өнімдерінен жасалған тағамдар қарт адамдардың денсаулығына пайдалы екенін анықтаған еді. Олардың пайымынша, теңіз өнімдерінің құрамында пайдалы май қышқылдары көп.

Ұқсас материалдар: