Ғалымдар кей адамның сүйегі неліктен ауыр тартатынын анықтады

1670

Ғалымдар кей адамның сүйегі неліктен ауыр тартатынын анықтады

Канадалық ғалымдар кей адамның сүйегі неліктен тығыз келетінін анықтады. Зерттеу нәтижесі Journal of Bone and Mineral Research басылымында жарияланды деп хабарлайды tengrinews.kz.

Мамандардың айтуынша, ағзасы жылдам өсіп жатқанда дене қозғалысы бірқалыпты әрі қарқынды жасөспірімнің ересек болғанда сүйек тығыздығы өзгелерге қарағанда жоғары болған. Ал аз қозғалатын жасөспірімнің сүйегі онша тығыз болмай шыққан.

Ғалымдар 309 ұл мен қыздың физикалық белсенділігін бақылай келе, осындай қорытынды жасаған. Мамандар енді жасөспірімнің дене жаттығуының қысымы мен сүйегінің даму қарқыны арасында тиімді аралықты анықтамақ. Зерттеу авторлары жасөспірімдерді белсенді қозғалуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу