Ғалымдар көксерке балығын жасанды жолмен көбейту технологиясын әзірледі

Қазір шетелден әкелінетін балықтың бағасы қымбат әрі оған сұраныс жоғары. 

Ғалымдар көксерке балығын жасанды жолмен көбейту технологиясын әзірледі

Бүгінгі күні көксеркенің Еуропаға көп экспортталуына байланысты елімізде балықтың бұл түрі күрт азайған. Сондықтан көксеркені аквакультура жағдайында өсіру өте өзекті болып отыр. Қазір шетелден әкелінетін балықтың бағасы қымбат әрі оған сұраныс жоғары.

"Елімізде алғаш рет көксеркені тұйық сумен жабдықталған қондырғыларда жасанды көбейту технологиясының әзірленді. Сыртқы факторларға, әртүрлі жас топтарының тіршілік әрекетінің биологиялық, физиологиялық және технологиялық ерекшеліктеріне, өсіру жағдайларына байланысты көксеркенің балық отырғызу материалын алу үшін оңтайлы жағдайлар айқындалды" - дейді биология ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ "Аңшылықтану және балық шаруашылығы" кафедрасының аға оқытушысы Жасхайыр Қарағойшин. 

Жобаны іске асыру барысында көксеркенің толықтырғыш-аналық басы қалыптастырылды. Балықты тұйық сумен жабдықталған қондырғыларда молайтуға оңтайлы жағдайлар анықталды, инкубациялық аппараттар мен инкубациялау әдістері айқындалды.

Бұған дейін аталғаг оқу ордасында "Балық өсіруге арналған тұйық сумен жабдықтау қондырғыларының технологиясын жетілдіру", "Геотермалдық су көздерінде жаңа аквакультура объектілерін өсіру технологиясын әзірлеу" және "Қазақстанның құнды балық түрлерінің репродуктивті жасушаларының криобанкін құру" тақырыптарында ғылыми жобалар жүзеге асырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу