Ғалымдар КВИ-ге қарсы тағы бір отандық вакцинаны зерттеудің екінші кезеңіне кірісті

726

Отандық "Qaz Covac P" вакцинасы клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен сәтті өтті.  

Ғалымдар КВИ-ге қарсы тағы бір отандық вакцинаны зерттеудің екінші кезеңіне кірісті

Бұл туралы Білім министрлігі және ғылым министрлігі Ғылым комитеті "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының" бас директоры Күнсұлу Зәкәрия мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

"QazVac-пен қатар биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары "Qaz Covac P"екінші суббірлікті вакцинасын әзірледі. Препарат клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Қазіргі уақытта ол зерттеудің екінші кезеңінде",– деді Закария республикалық тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, Қазақстанда зертханалық зерттеулерден өтетін коронавирусқа қарсы вакцинаның басқа да түрлері әзірленіп жатыр. Жалпы, коронавирусқа қарсы препараттарды ойлап табуға бес патент алынған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Қарағандыда өндірілген ресейлік "Спутник V" және отандық "QazVac" вакциналары қолжетімді. Сонымен елге sinopharm қытайлық компаниясы әзірлеген вакцинаның 4 млн дозасын сатып алған еді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу