Ғалымдар Марстан су көзін тапты

274

Су 20 шақырым тереңдікте анықталды. 

Ғалымдар Марстан су көзін тапты Фото: Корреспондент.net

NASA ғалымдары Марстан су көзін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC порталына сілтеме жасап.

Ғалымдар NASA Mars Insight Lander зонды жинаған деректерге талдау жүргізді. Олар Марс планетасы қыртысының тереңдігінде сұйық  күйіндегі су бар деген қорытындыға келді. Талдау нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды

Осыған дейін Марста су сұйық күйінде емес, мұз және атмосферадағы бу қалдықтары түрінде анықталды.

Талдау көрсеткендей, су 10-20 шақырым тереңдікте жатыр.

Марстың бетін зерттеген ғалымдар оның үстінде су бір кездері болған деп топшылаған, алайда соңғы 3 миллиард жылда бұл планатеда шөл қалыптасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу