Қытай елінің ғалымдары Нұх пайғамбар (ғ.с.) кемесінің Арарат тауында тоқтағаны жайлы ғылыми дәлелдер тапқанын мәлімдеп отыр. Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.
Noah's Ark Ministries International деп аталатын зерттеушілер тобының мәліметінше, кеме сынықтары қалың қардың және жанартау жыныстарының арасында қалып қойған.
Зерттеулер нәтижесі бойынша, бұл қалдықтардың б.з.д. 4800 жылдарға тиесілі екені анықталған. Барлық тақтайшалардың жалпақтығы 8 дюйм екені де көп нәрседен айғақтап тұрғандай.
Сондай-ақ, сынықтар табылған жерден ұзындығы 20 метр болатын ағаш қаңқа табылған. Олардың бірі кемеге көтерілетін баспалдақты еске түсіреді. Дегенмен, ағаш құрылғының жарым бөлігі мұзда жатқандықтан, ғалымдар дөп басып ештеңе айта алмай отыр.