The New York Post Сингапур Технология және Дизайн Университеті зерттеушілерінің жасанды интеллекті пайдаланып әзірлеген болжамын жариялады. Ғалымдар мемлекеттер бойынша пандемияның "өмірлік циклінің" диаграммасын тұрақты жаңартып отырып, осындай шешімге келгені мәлім болды.
"АҚШ қыркүйек айының соңына дейін коронавирустен арылуы мүмкін, ал әлем желтоқсан айында індетті артта қалдырады деп күтуге болады", – дейді Сингапур зерттеушілері.
Алайда ғалымдар зерттеу нәтижелері үнемі өзгеріп отыратынын әрі бұл тек болжам ғана екенін ескертуде. Олардың сөзінше, әлем елдері болжамға сүйеніп коронавируске қарсы шектеулерді асығыс аяқтамауға тиіс.
"Кейбір келтірілген мерзімдер мен болжамға негізделген артық оптимизм қауіпті, өйткені бұл біздің тәртібіміз бен бақылауымызды әлсіретіп, індеттің қайта өршуіне әкеп соғуы мүмкін", – дейді мамандар.
Фото: ru.freepik.com