Ғалымдар Семей орманын қалпына келтіруге көмектеседі

353

Абай облысындағы өртенген орманды қалпына келтіруге ғалымдар көмектеседі.  

Ғалымдар Семей орманын қалпына келтіруге көмектеседі Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Семейде өткен "Орман өрттері – XXI ғасырдың жаһандық мәселесі" атты халықаралық конференция барысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей мен Болгарияның жоғары оқу орындарының мамандары қарағайлы орманды қайта түлетудің тиімді жолдарын ортаға салды. Олардың пайымынша, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып шекаралық аймақтағы ағаштарды кесіп, азайту керек. Тілсіз жауды ерте анықтау үшін цифрлы технологияларды қолданып, әуеден барлау жүргізу қажет.

"Біздің зертханамызда орманды жедел қалпына келтіретін кешен әзірленіп жатыр. Жобаның мақсаты – қарағайды тездетіп өсіру. Мұның пайдасы зор. Топырақта жылу да, ылғал да сақталады", - деп мәлімдеді Экологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі Алексей Клевенко.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы алапат өрт кезінде 63 мың гектар аумақ отқа оранған болатын. Келген шығын көлемі – 160 миллиард теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу