Ғалымдар шағын және орта бизнес саласына қажет жаңа стандарттарды жасады

1054

Ғалымдар шағын және орта бизнес саласына қажет жаңа стандарттарды жасады

Стандарттау және сертификаттау институтының ғалымдары шағын және орта бизнес саласына қажет жаңа стандарттарды жасады, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл құжат қызмет көрсетудің барлық түрін, туризм мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қамтиды. Осы стандарттар қабылданғаннан кейін мысалы, қала тұрғындары пәтер иелері кооперативінің міндеті мен қызметі туралы мол мағлұмат алады. "Бірақ ең бастысы қызмет көрсету сапасы жақсарып, кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді", – дейді мамандар.

"Туризм саласында стандарттау мүмкіндіктері көп. Мысалы біз кәдімгі киіз үйдің талапқа сай өлшемін де жасап қойдық. Қонақ үйлер мен хостелдерді де қамтыдық. Бұл қызмет көрсету түрін көбейтіп, жаңа кәсіп ашуға мүмкіндік береді", –деді Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты директорының орынбасары Еркежан Әмирханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу