Енді шылым шегумен бас тарту үшін ұзақ әрі азапты әрекеттерден толығымен бас тартуға болады. Скриппс институтының микробиологтары мен химиктері шылым шегуге қарсы ерекше вакцина ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Зерттеу нәтижесінде вакцинаны жеке ақуыздардың синтезін қадағалайтын ерекше құрамды ағзаға енгізген уақытта никотин ағзадан толықтай шығарылып, адам оның жанама әсерлерінен құтылатыны анықталған.
Science Advances ақпаратына қарағанда, ғалымдар тапқан және өзгерткен NicA2 ферменті адамның немесе жануардың денесіне түскен никотинді абстиненттік синдром басталғанға дейін толық жойып жіберуге қауқарлы. Ғалымдар ағзаға одан да күшті әсер ету үшін NicA2-J1 ферментін құрастырды. Оның бірінші ферменттен айырмашылығы – бір қабылдағаннан никотинге тәуелділікті түбегейлі жойып жібереді. Кеміргіштерге жүргізілген лабораториялық зерттеу аяқталғанда көп уақыт бойы никотин араластырылған суды ішкен тышқандар никотиндік тәуелділіктен толығымен айыққан.