Ғалымдар су және жарықпен қамтамасыз ететін құрылғы ойлап тапты

1402

Зерттеушілер электр қуатын өндіруге және суды тазартуға күн көзін қолданбақ. 

Ғалымдар су және жарықпен қамтамасыз ететін құрылғы ойлап тапты

Саудия елінің король Абдалла атындағы Ғылыми-технологиялық университеті ғалымдары осындай жаңалықпен бөлісті. Бұл туралы Nature Communications журналы жариялады. 

Жаңа технология күн панелі сияқты жұмыс істейді. Құрастырушылардың айтуынша, егер жоба сәтті шықса, келешекте 700 миллион адамның ауыз суға қол жеткізуі әбден мүмкін. Өйткені соңғы жылдары мұндай су тазалайтын аппараттар саны артып келеді. Бұл құрылғы басқа дистилляторларға қарағанда суды 3 есе көп шығарады. Оның үстіне тиімділігі 11 пайыз болатын электр қуатын өндіреді.  

Жоба авторлары аппарат шамамен 5 жылдан кейін қолданысқа енгізіледі деп топшылап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу