Ғалымдар Тынық мұхитының түбінен жанартау тапты

198

Ол АҚШ-тың Орегон штатынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Ғалымдар Тынық мұхитының түбінен жанартау тапты Фото: Орегон штаты университеті

Тынық мұхитының мыңдаған метр тереңдігінде жанартау табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Econews басылымының жазуынша, ғалымдар бұл жанартау кез келген сәтте атқылауы мүмкін деп болжап отыр. Соңғы бірнеше жыл ішінде зерттеушілер жанартау астындағы қысымның артуы мен сейсмикалық белсенділіктің күшеюін зерттеп келеді.

"Бұл суасты жанартауы – өзінің қызықты табиғаты мен сирек кездесетін терең жанартаулық процестерді бақылауға мүмкіндік беретіндігі арқасында ең көп зерттелген жанартаулардың бірі. Ол Axial Seamount деп аталады және ол мұхит түбінде, тектоникалық плиталар түйісетін жерде орналасқан, бұл оны бірегей "табиғи зертханаға" айналдырады", – делінген мақалада.

Сонымен қатар ғалымдар, бұл суасты жанартауының атқылауы құрлыққа тікелей әсер етпесе де, теңіз тіршілігіне, әсіресе гидротермалды көздер маңында ерекше тіршілік ортасын құрайтын жануарларға сөзсіз әсер етеді деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу