27 маусым күні тау өлшемімен бірдей алып астероид Жердің жанынан жақын қашықтықта өтеді. Ғалымдардың айтуынша бұл астероид келесі айналымында Жерге жақындайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл астероид – 125 жылдағы аспан денелерінің ең үлкендердің бірі. Ол 27 маусым күні біздің планетамыздың жанынан шамамен 6,5 миллион шақырым қашықтықта өтеді. Ғарыштық тастың үлкен көлемінің диаметрі 4 шақырымға дейін жетеді. Сарапшылар бұл астероидты “қаупі жоғары" деп бағалап жатыр.
Себебі ол атмосфераға жаһандық климатты өзгертетін қалдық тастауы мүмкін. Ғалымдардың бағалауы бойынша, ол сағатына 93 мың шақырым жылдамдықпен жүреді. Бұл ұшатын оқтан ондаған есе жылдам. Зерттеулерге сай бұл ғарыш объектісі келесі жолы, 2089 жылы Жерге тым жақындайды.