Ғалымдардың жалақысы тұрақсыз

789

Ғылыми иституттардың директорлары ғана тұрақты жалақы алады. Басқа ғалымдарға конкурстардан грант жеңіп алу мүмкіндігі ғана берілген. Бұл туралы ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ғалымдардың жалақысы тұрақсыз

"Конкурстар былтырғы жылға дейін 3 жылда бір рет өткізілді. Ғылыми қызметкер болғанына қарамастан конкурста жеңбеген ғалым 3 жыл ғылымнан да, институттан да қол үзуге мәжбүр болатын. Мұның себебі, қазіргі заңнамаға сәйкес, базалық қаржыландыру көлеміне тек әкімшілік және техникалық қызметкерлердің жалақысы мен ғимаратты ұстау шығындары ғана кіреді. Осы жағдайды өзгерту үшін Президент базалық қаражат есебіне жетекші ғалымдардың жалақысын енгізуді тапсырды", – деді Жанна Құрманғалиева.

Ғылым комитетінің төрағасы Президент ғалымдардың еңбегіне лайықты жалақы төлеуді тапсырғанын атап өтті. 

"2020 жылы ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құрады. Бұл еліміздегі орташа жалақының 72%. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау үшін заңға өзгеріс енгізу бойынша қаржы министрлігімен және басқа да министрліктермен бірлесіп жұмыс атқаруды бастадық", – деді Жанна Құрманғалиева.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу