Ғалымдарға ай сайын қосымша ақы төленетін болды

216

Сенат "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңды мақұлдады. 

Ғалымдарға ай сайын қосымша ақы төленетін болды Фото: http://www.khfrc.ru/

Жаңа Заңға ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында оларға ай сайынғы қосымша ақылар белгілейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру нормалары енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы Заңның негізгі мақсаттары — Ғылымды дамыту және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен қағидаттарын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін айқындау болып табылады.

"Заңда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми жүйесін дамыту тетіктері көзделеді, ғылыми қызмет субъектілері, олардың құқықтары айқындалады, Ұлттық ғылым академиясының құқықтық мәртебесі, Ғылым қорының қызметі және ғылыми қызметті қаржыландыру тетіктері бекітіледі.

Заң ғылыми инфрақұрылымның негізгі элементтерін, ғылыми ұйымдарды қаржыландыру тәртібі мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламаларын іске асыруда ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу шараларын, сондай-ақ ғылымды дамытуды, оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру арқылы ынталандырудың мемлекеттік шараларын, сондай-ақ ғылыми қызметті мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

Заңда мемлекеттік органдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреттері айқындалады, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері бекітіледі, оның қатысушылары мен олардың құқықтары айқындалады.

Сондай-ақ Заңда ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды қамтамасыз ету тетіктері, іске асыруға ұсынылатын ғылыми зерттеулердің негізділігі мен технологиялық әзірлігін бағалаудың жаңа тетіктерін енгізу бекітіледі.

Бұдан басқа, ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында оларға ай сайынғы қосымша ақылар белгілейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру нормалары енгізілді, сондай-ақ жас ғалымдарды қоса алғанда, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау пакеті кеңейтілуде", — деді Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті дайындаған қорытындыны таныстырған депутат Нұртөре Жүсіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу