Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.
2002-2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы.
2004-2005 жж. – Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің (Алматы қаласы) маманы.
2005-2006 жж. – Сыртқы істер министрлігі Аппаратының атташесі, үшінші хатшысы.
2006-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы.
2008-2011 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елішілігінің екінші хатшысы.
2011-2017 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары.
2017-2022 жж. – ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы.
16.11.2022 ж. – қазіргі күнге дейін Бас Прокурор Аппаратының басшысы.