Ғ.Қойшыбаев Премьер-Министр орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды

621

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ғ.Қойшыбаев Премьер-Министр орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды Фото: ortcom.kz

"Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған Жарлықта.

Ғалымжан Қойшыбаев  1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.  

Білімі:

1994 ж. – М.  В.Ломоносов атындағы ММУ, философия ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1991-1994 жж. –  М.  В.Ломоносов атындағы ММУ, философия факультетінің аспиранты.

1995-1997 жж. – ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің атташесі. ІІІ хатшысы,  І хатшысы, кеңесші-елші.

1997-1998 жж. – ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің  І хатшысы, кеңесші-елші. 

1998-2004 жж. – ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-елшісі.  

2004 ж. –  ҰҚШҰ жанындағы ҚР-ның Өкілетті өкілі.

2004-2006 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы.   

2006-2008 жж. – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жж. –  ҚР-ның Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР-ның Латвия, Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012-2016 жж. –  ҚР-ның Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Эстониядағы елші міндетін қоса атқарушы.

2016- 2019 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары.  

2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің басшысы 

2023 жылдың 4 қаңтарында Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды. 

Мемлекеттік наградалар: "Құрмет" ордені, Латвия Республикасының "Крест признания" ордені, Финляндия (бірінші санатты коммандор) ордені. Мерейтойлық медальдар: "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл", "Астана 20 жыл".

Төтенше және өкілетті елші дипломаттық рангына ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу