Ғалымжан Өсербаев Қонаев турнирінің ақтық сынында күреседі

1777

Кеше Тараз қаласында еркін күрестен Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.  

Ғалымжан Өсербаев Қонаев турнирінің ақтық сынында күреседі

Алғашқы жарыс күнінде балуандар төрт салмақ дәрежесі бойынша финал жолдамасына таласты деп жазады Olympic.kz. 

Бірінші күні кілемге 57, 61, 74  және 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар шыққан болатын. Қазақстан сапынан екі спортшы ақтық сында белдеседі. 

Жақында ғана жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында күрескен Адлан Асқаров 57 келіде Қонаев турнирінің алтынына таласады. Ол жартылай финалда Бурятия өкілі Альдар Бальжинимаевты 10:9 есебімен ұтты. 

Осы салмақта белдескен тағы бір қазақстандық балуан Еламан Қадырсейіт жартылай финалда моңғолиялық балуанға 0:9 есебімен жол берді. Финалда Асқаров Туминбилег Тувшинтулгамен белдесіп, командаласының есесін қайтаруға тырысады. Ал Еламан қола жүлде үшін кілемге шығады. 

79 келідегі команда үздігі Ғалымжан Өсербаев өз салмағында қарсылас шыдатпай, ақтық сынға өтті.  Өсербаев жартылай финалда ресейлік балуанды 4:2 есебімен ұтқан болатын. 

Ал 61 келіде белдескен Расул Қалиев ресейлік қарсыласына жол беріп, турнирдің қоласына таласу мүмкіндігін алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу