Ғалымжан Өскенбаев еркін күрестен Қонаев турнирінде топ жарды

1079

Тараз қаласында еркін күрестен Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде.  

Ғалымжан Өскенбаев еркін күрестен Қонаев турнирінде топ жарды

Кеше жарыстың алғашқы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кеще Қазақстан құрамасынан екі балуан финалда белдескен болатын. 57 келіде сынға түскен Адлан Асқаров ақтық айқаста моңғолиялық қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Осы салмақта күрескен Еламан Қадырсейіттің еншісінде қола бар.  61 келідегі Расул Қалиев те турнирді үшінші орынмен аяқтады. 74 келіде кілемге шыққан Рамазан Жуынтаев пен Дархан Есенғали үздік үштікке енді.  79 келіде команда үздіктерінің бірі Ғалымжан Өсербаев Қонаев турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда дағыстандық Тажидин Ақаевтан басым түскен.  97 келіде ел намысын қорғаған Мамед Ибрагимов қола жүлдегерлер қатарында.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу