Галышева: Карантинге байланысты жарыс ережесіне көп өзгеріс енген

1177

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, Дир-Вэллиде (АҚШ) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңіндегі параллельді могул жарысын қорытындылады.  

Галышева: Карантинге байланысты жарыс ережесіне көп өзгеріс енген

Ол бұл сында төртінші орынға тұрақтаған болатын. 

"Бәрі кешегідей болған жоқ. Біріншіден, күннің көзі көрінбей, тоқтаусыз қар жауды. Екіншіден, жарыс бағдарламасы өзгерді. Әдетте, параллельді могул сайысының алдында спортшылар бір күн демалатын. Ал қазір карантинге байланысты бәрін қатарынан қойған.

Жарыс күндіз өтуде, оның үстіне санитарлық нормаларға байланысты спортшылардың жылынып алуына мүмкіндік берген жоқ. Бәріміз де тоңып қалдық.

Десе де, өз нәтижем көңілімнен шығады. Күн сайын көрсеткішіміз жақсарып келеді. Төртінші орынды көпшілік ағаш медаль деп атайды ғой, бірақ бұл менің көңілімді түсірмейді. Мен өзім мен елім үшін тырысамын", - дейді Галышева. 

Айта кетелік, 7 ақпан күні жарыс жолына фристайл-акробатика өкілдері шығады. Бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 3:30-да басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу