Гамбияның жаңа президенті 4 күндік жұмыс аптасын алып тастады

811

Гамбияның жаңа президенті 4 күндік жұмыс аптасын алып тастады

Гамбияның жаңа президенті Адама Барроу өзіне дейінгі президент тұсында енгізілген төрт күндік жұмыс аптасын алып тастады, деп хабарлайды Интерфакс.
Президент жарлығына сәйкес, енді мемлекеттік қызметшілер аптасына 36,5 сағат: дүйсенбі-жұма сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін және жұма күні 08:00-ден 13:30-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Елдің бұрынғы президенті Яхья Джамме осыдан төрт жыл бұрын  жұма күнін тағы бір демалыс күні етіп, төрт күндік жұмыс аптасын енгізген болатын. Ол Гамбия тұрғындарының басым бөлігін құрайтын мұсылмандардың жұма намазына қатысуы үшін осындай шешім шығарған, деп хабарлайды ВВС.
20 жылдан астам президент болған Я. Джамме қаңтардың соңында президент тағына таласқа түсуден бас тартып, сайлауда жеңіске жеткен А.Барроуға орнын беретінін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу