Германияның Гамбург қаласында "Қазақстанға инвестициялар" атты тақырыппен экономикалық форум өтті. Германияның ресми, экономикалық, іскерлік және сараптамалық топтарының 50-ден астам жетекші өкілі қатысқан іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР-ның ГФР-дағы елшілігі, ҚР-ның Гамбургтегі консулдығы және Schneider-Group неміс консалтингтік компаниясы. Бұл туралы ҚР СІМ сілтеме жасап strategy2050.kz.
Іс-шараның қатысушыларына арналған құттықтау сөзбен Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов сөз сөйледі. Қазақстандық дипломат сөз сөйлеу барысында ел басшылығы іске асырып жатқан Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Қазақстан-2050" даму стратегиясы және "100 нақты қадам" ұлт жоспары шеңберіндегі инвестициялық саясат пен реформалар туралы ақпарат берді.
Б. Нүсіпов неміс әріптестерін Қазақстанның индустрияландыру және инфрақұрылымдық жаңғырту жөніндегі бағдарламалары аясындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.