Хэллоуин мерекесі кезінде Гамбургте бірнеше жүз адамнан жиналған топ бүлік шығарды, - деп хабарлайды Inbusiness.kz, DW агенттігіне сілтеме жасап.
Бастапқыда, қаланың оңтүстік аймағында 200-ге жуық адам жиналса, басым бөлігі - жастар, кейін олардың саны 300-350-ге дейін жетті. Жиналғандар полицияның бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, тарай беруден бас тартты.
Полицияның мәліметтеріне сәйкес, петардалар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне лақтырылған. Ал, полиция жиналған адамдарды ығыстырып, су атқыштарын пайдаланды.
Сонымен қатар, күдіктілердің біразы қамауға алынды. Зардап шеккендер туралы қосымша ақпарат жоқ. Қаланың басқа ауданында 50-ге жуық жастар петардаларды жарып, дүкен терезелерін сындырып, қоқыс жәшіктерін өртеп жіберді.