Гана елінде маймыл шешегі таралды

249

Гана билігі маймыл шешегі (Mpox) вирусының тағы 20 жаңа жағдайын тіркеді.  

Гана елінде маймыл шешегі таралды Фото: drdogood.health

Мамыр айынан бері жұқтырғандардың жалпы саны 302-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Гана Денсаулық сақтау қызметінің мәлімдеуінше, өткен аптада індет басталғалы бері науқастар саны артқан. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайды жаңарту барысында маңызды бетбұрыс байқалды: бұған дейін бұл вирус өлімге әкелмеген болса, 28 шілдеде алғашқы өлім жағдайы тіркелді.

Мәлімдемеде вирус негізінен жұқтырған адаммен тығыз физикалық байланыс кезінде таралатыны атап көрсетілген. Билік халықты сақтық шараларын қатаң ұстануға және қандай да бір белгілер пайда болған жағдайда дереу хабарлауға шақырды.

Жыл басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі індетін халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай ретінде бағалауды жалғастырып отырғанын мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу