Ганада АҚШ-тың жалған елшілігі 10 жыл бойы жұмыс істеп келген

1063

Ганада АҚШ-тың жалған елшілігі 10 жыл бойы жұмыс істеп келген

Алаяқтар өздерін америкалық дипломаттар ретінде таныстырып, визалар мен құжаттар беріп келген. Жасырын бизнес 10 жыл бойы жалғасқан. Бұл туралы reactor.inform.kz жазып отыр.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Spartan Vanguard операциясын жүргізу барысында он жыл бойы Гана, Того және Кот-д'Ивуар азаматтарына америкалық визалар мен құжаттар беріп келген қылмысты анықтады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша алаяқтар қызыл ғимаратты аптасына үш мәрте елшілікке айналдырған. Ғимарат төбесіне ту көтеріп, ішіне АҚШ президенті Барак Обаманың суретін ілген. Дипломаттардың рөлін ағылшын және голланд тілін білетін түрік азаматтары сомдаған.

Олар клиенттерді жарнама арқылы тауып отырған. Сондай-ақ америкалық визалар ғана емес, Оңтүстік Африка Республикасы мен Шенген елдерінің де визалары берілген. Сонымен қатар, банк құжаттары, туу туралы және білім беру туралы құжаттар рәсімделген. Қызмет құны 6000 доллардан басталған.

Тергеу барысында бұл іске америкалық лауазымды шенеуніктердің қатысы бар екендігі анықталды. Себебі заттай айғақ ретінде табылған құжаттардың тең жартысы жалған болса, жартысы түпнұсқа болып шыққан. Олар тіпті ұсталған алаяқтардың бірнешеуін босатып алғанға ұқсайды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу