Гандболдан Ұлттық құрама іріктеу турнирінде 4-орын алды

371

Жапонияда қол добынан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды.

Гандболдан Ұлттық құрама іріктеу турнирінде 4-орын алды Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші турда Үндістаннан 34-26 есебімен басым түсіп, сары құрлық бәсекесін 4-орында аяқтады. Қалған 3 кездесуде қарсыласқа жол берді.

Мұнда барлық 4 ойында жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы Парижде өтетін олимпиада ойындарына тікелей жолдама алды. Ал финалда жеңілген Жапония 2024 жылғы 11-14 сәуір аралығында болатын кезекті лицензиялық турнирде бақ сынайды. Ол кезде әр құрлықтың өкілдері кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу