Ғани Бейсембаев: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30%-ға арттыру көзделіп отыр

916

Елдегі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30%-ға арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Ғани Бейсембаев: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30%-ға арттыру көзделіп отыр Фото: Qazaq газеті

"Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие  саласында тәрбиешінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, біліктілік пен кәсіби дамудың жаңа нысандарын енгізу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту; жалақыны орта есеппен 30%-ға арттыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беру мақсатында "Педагог көмекшісі" штаттық бірлігін енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз. Сонымен қатар әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз ету қолға алынады", - деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзінше өткен жылы республикада 39 мыңға жуық орынға арналған 458 балабақша ашылды. Жекеменшік балабақшалардың 93%-ына мемлекеттік тапсырыс берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу