Ғани Бейсембаев мектеп директорының жеке дәретханасы туралы дауға пікір білдірді

228

Министр бұл бір ғана жағдай екенін және мәселені білім басқармасы қатаң бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Ғани Бейсембаев мектеп директорының жеке дәретханасы туралы дауға пікір білдірді Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысы Төңкеріс ауылында мектеп директоры өзіне жеке дәретхана ашып, ал жүздеген мұғалім бір әжетханаға барып жүр деген жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Бұл оқиғадан хабарыңыз бар ма?", деп сұрақ қойды тілшілер.

"Бірінші анықтап алайық. Оқиғаның қаншалықты рас екені, өндіріске, білім сапасына, мектеп жұмысын үйлестіруге келтірілген басқа да залалдары анықталса, тиісті қатаң шаралар қолданылады. Тексеру соңын күткен дұрыс деп ойлаймын", - деп жауап берді Оқу-ағарту министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу