Ғани Бейсембаев колледж жатақханаларындағы орын тапшылығы қашан шешілетінін айтты

272

Еліміздегі 772 колледжде 565 мың студент білім алып жатыр.   

Ғани Бейсембаев колледж жатақханаларындағы орын тапшылығы қашан шешілетінін айтты Фото: Astana IT University

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-ы жатақханамен қамтамасыз етілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кадрларды озық даярлау моделі арқылы еңбек нарығының болашақ қажеттіліктеріне және технологиялық өзгерістерге сәйкес келетін мамандарды дайындауға 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін 155 мыңға дейін, оның ішінде техникалық мамандықтарға  мемлекеттік тапсырыс көлемін  70 %-ға дейін көбейту көзделіп отыр", - деді Ғани Бейсембаев.

Министр жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-ы жатақханамен қамтамасыз етілгенін айтты.

"2027 жылға дейін тапшылықты түбегейлі шешу үшін 10 мың орынға арналған жатақханаларды пайдалануға беру көзделген. Колледждерге "жанама кіру" механизмі арқылы өндірістен тәжірибелі мамандар тартылуда, оларға лауазымдық жалақысының 35% пайызға дейінгі мөлшерде қосымша ақы төлеу қарастырылған", - деді Оқу-ағарту министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу