Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды

2566

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды Фото: primeminister.kz

Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 4 қаңтар

№ 86 бұйрық

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
  • Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.
  • 1989-1990 жылдары - қазақ тілі мұғалімі.
  • 1990-1995 жылдары - орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  • 1995-1997 жылдары - орта мектеп директоры.
  • 1997-2000 жылдары - ҚР БҒМ Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
  • 2000-2001 жылдары - Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.
  • 2001-2006 жылдары - қосымша білім беру орталығының директоры.
  • 2006-2020 жылдары - халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
  • 2006-2007 жылдары - техникалық-экономикалық колледж директоры.
  • 2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
  • 2020-2022 жылдары ҚР БҒМ Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Ал, осыған дейін Оқу-ағарту министрі қызметін атқарған Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының Жарлығымен  лауазымынан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу