Гаражда есірткі өндірген азамат қолға түсті

853

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді. 

Гаражда есірткі өндірген азамат қолға түсті

Бұрын сотталған азамат бұған дейін де есіртікі бизнесімен айналысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Рудный қалалық полиция басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2021" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындайтын наркологиялық зертхана қызметіне тосқауыл қойды. Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны автокөлік гараждары аумағынан бір гаражды қылмыстық мақсатын жүзеге асыру үшін жалға алған. Зертханаға айналған гаражды тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308 грамм "мефедрон" психотроптық заты бар 446 zip-пакет тәркіледі. Гараждан кофе тартқыштар, электронды таразылар, этил спирті, есірткіні орауға арналған электрлік таспа сынды арсеналдар алынды", – деді Нұрділдә Ораз. 

Ресми өкілдің сөзінше, күдікті бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған. Оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктіге қатысты іс ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу