Гарвард, Оксфорд және Кембридж Қазақстанға келеді: Алматыда студенттер арасындағы әлемдік шахмат жарысы өтеді

404

Әлемге танымал бірқатар жоғары оқу орындары арнайы шақырту (wild card) арқылы бақ сынайды.

Гарвард, Оксфорд және Кембридж Қазақстанға келеді: Алматыда студенттер арасындағы әлемдік шахмат жарысы өтеді Фото: ЖИ

2026 жылғы 3-10 тамыз аралығында Алматы қаласы университет командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты – FIDE World University Team Chess Championship турнирінің финалын қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл студенттік шахматтағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі болмақ. Турнирге Америка, Еуропа, Азия және Африка елдерінің үздік университет командалары қатысады. Іріктеу кезеңінен өткен командалармен қатар, әлемге танымал бірқатар жоғары оқу орындары арнайы шақырту (wild card) арқылы бақ сынайды.

Финалдық кезеңге қатысатын командалар қатарында:

  • Wild card иегерлері – Гарвард университеті, Оксфорд университеті, Кембридж университеті және Пекин университеті;
  • Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары – Сент-Луис университеті, Далластағы Техас университеті, Вебстер университеті, Орал тау-кен университеті, Афины ұлттық техникалық университеті, Чили университеті және Гунадарма университеті.

Қазақстан атынан әлем чемпионатында екі жоғары оқу орны өнер көрсетеді:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Қазақ ұлттық спорт университеті (wild card иегері). Қалған үш арнайы шақырту иесінің есімі кейінірек белгілі болады. Осындай ауқымды халықаралық турнирдің Қазақстанда өтуі жастар және іскерлік туризмді дамытуға тың серпін береді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін шахматшылар, профессорлар мен жанкүйерлер еліміздің мәдениетімен, қонақжайлығымен және көрікті табиғатымен танысуға мүмкіндік алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу